Ақмола облысында жемқорлықпен күрес форумы өтті


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Честный путь» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орайластырылған шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, облыстың әр ауданы мен қаласынан келген делегаттар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері, ЖОО және орта-арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мемлекеттік қызметшілер, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қазақстандықтарға арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жемқорлықпен күресудің негізгі басымдықтарын атап өтті. Қоғам өкілдерінің барлығы бір адамдай жемқорлықпен күресуге атсалысса, онда оның тиімділігі де арта түседі», — деді аймақ басшысы форумда сөйлеген сөзінде.

Форумда облыстық «Адал жол — Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындысы шығарылды. Марафон шеңберінде облыстың барлық өңірінде 30 мыңнан астам адам қамтылған жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында 400-ге жуық шара өткізілді.

Ақмолалықтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кең ауқымыды ақпараттық-түсіндіру және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыруда өлшеусіз үлес қосқаны үшін Жақсы ауданы 1-ші, Сандықтау ауданы 2-ші және Біржан сал ауданы 3-ші орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар, марафонға белсенді қатысқан Астархан және Жарқайың аудандарының қатысушыларына да диплом тапсырылды.



null

Осы орайда, Олжас Бектенов ақмолалықтар ұйымдастырған марафон орталық аппараттың қолдауымен республикамыздың барлық өңірінде қолға алынғанын атап өтті.

«Жемқорлыққа қарсы «Адал жол — Честный путь» марафонын өткізу идеясы ақмолалықтарға тиесілі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы тәжірибені қабылдап, еліміздің барлық өңіріне таратты. Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша департамент еліміз бойынша үздіктер қатарында. Соңғы өткен алқа жиында агенттік төрағасы өңірдің атқарушы органдарымен бірлескен жұмыстың ұйымдастырылуына оң бағасын берді», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ақмолалықтардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда елеулі үлес қосқан білім, мәдениет, бизнес қауымдастығы және БАҚ өкілдерінің бір тобы марапатталды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-zhemkorlykpen-kures-forumy-otti_a3474651”